Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Роуп-джампинг – биіктен арқанмен секіретін спорттың айрықша бір түрі. Яғни өзіңді биіктен тастап жіберу арқылы бірнеше секунд бойына әуеде құлдилаудың еркін сипаты десе де болғандай. Бұл спорттың негізін салушы американдық Дэн Осман 1998 жылы 300 метрлік биіктен секіру кезінде арқаны үзіліп кетіп көз жұмған болатын. Әлқисса деп қойып, бұл спортты елімізге алғаш енгізген Астаналық «FLY» командасы екнін айта кетсем. Олар жылдың кез-келген мезгілінде Қазақстанның әр қаласына барып, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлаудан танған емес.
Бүгінгі роуп-джампинг қатысушылары Астана қаласының маңындағы Көкталда орналасқан биіктігі 45 метрлік болатын ескі құрылысқа жиналдық. Түстен кейінгі үш жарым шамасында жеткен мені бір топ қауым қарсы алды.
Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

«FLY» командасының жетекшісі Алексей Лютый бұл спорт түрімен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Оның айтуынша «FLY» командасы Қазақстанның Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Семей, Павлодар, Қарағанды сынды қалаларында болған. Мақсатымыз адамдарға бір сәттік көңіл-күй сыйлау, жаңа таныстық пен өзіне деген сенімділігін арттыру дейді ол.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Сонымен алғаш келе қалғанда-ақ көзіме қораш көрінген 45 метрлік бұл ескі ғимаратты менсінбеген едім. Алайда осынау темір баспаладақтар менің зәре-құтымды қашырып қана қойған жоқ, төменнен жоғарыға көтеріле салу оңайға соқпады. Әсіресе мен сияқты эмоциясын басқара алмайтын, берілгіш, қорқақ адамға. Көтеріліп келе жатып төменге көз салсам, басым айналып, көзім қарауытып кете берді. Мұны жеңу үшін төменге мойын бұрмастан тек жоғарыға қараумен болдым. Қолым талып кетіп, дем алып тұрған сәтімде бұл тәжірибемді өмір салтымда да қолдана алсам ғой деп ойландым сонда. Яғни, артыңа қарайлай беру, өткен естеліктер мен ескішілдік болмысыңды сүйретіп жүру болашақ жарқын өміріңдегі қадамыңа тұсаудан өзге ештеңе емес екен. Тіпті әлгі, ұзатылып бара жатқан қыз балаға «артыңа, қарама» деген өсиеттің де бір сыры барма деп қалдым.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Қойшы, сөйтіп пысылдап жүріп, орта жолда философиялық ғақлияға бой алдыра жүріп төбеге де көтерілдім-ау. Жарқ еткен, кең дүниенің құшағында тұрып тіліме неге, Мұқағалидың жыры оралмасын, оралды:
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
***
Аспанындай кей сәтте күрсінемін,
Жас талындай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.
***

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,
Секілді бәрі менен көз алмаған»
Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Ұйымдастырушы жігіттер жұмысына еш қабақ шытқан емес, көңілді, қалжыңқой, шат-шадыман

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Төмендегілер осылай көрінеді, биікке шығып алған мені енді эйфория биледі, анау жердегі сызылған жүректі кім байқады, өзім фотодан көріп отырмын қазір:)

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Мұнда ғашықтар да жүр, жалғыз-жарым мен сияқты өзгелер де бар екен қызық іздеп келген. Ықтасыны жоқ ызғар бәрімізді тоңдырды. Тіпті біреуінің үстінен бірдеңенің иісін сезіп те қалғандай болдым ба. Орайы келіп тұрғанда ескерте кетейін, роуп-джапингтің шарты бойынша биіктен секіретін кезде спирттік ішімдіктен аулақ болған дұрыс. Және жасы он сегізден асқан кез-келген азамат бұл спортпен айналыса алады, Сонымен бірге өз бетінше секіру өмірге қауіпті, сондықтан ұйымдастырушылардың айтқанымен жүріп-тұрғаннан абзалы жоқ.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Жұрттың қыздары айтса айтқандай ержүрек, батыл. Алмен болсам тұрдым ғой қорқып:(

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Менің ең жаман жерім, осындай қызық дүниенің ортасына келгенде, не көпшіліктің ортасында сөйлейтін кезде, не ең сүйікті, сыйлы адамыма тіл қатар кезде өз-өзімді жоғалтып, ұмытып кететінім. Осы жолы да сөйттім. Фотореп жасауға барған мен командамен бірге улап-шулап жүріп жөнді суретке түсіруді ұмытып кеттіпін. Сонымен менің кезегім келді. Мұндай сезім Каспий теңізінде биіктеу жардан секіретін кезде де болған еді. Көзімді жұмып секіріп кетіп, судың астынан күнге қарай, жарыққа қарай, бір жұтым ауаға қарай ұмтылып келе жатқан сәтті, айтсаңызшы. Бұл секіру одан да қиынға түсті. Ғимараттың ұшар басынан кейін қарай қайтып кетуге оқталып тұрғанмын, егер Дима итеріп жібермегенде. Өз еркіммен емес, шынымен құлап кеттім)))

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Төменге құлдилап келе жатқанда салмақсыздықты сезіну деген сіздерге немен салыстырып беретінімді білмей отырмын. Салмақсыздықты сезіну деген әуеде қалықтау екен, құстарға қандай рахат деңізші. Ең маңызды, ең қызықты уақытта мен еркімнен тыс көзімді тарс жұмып және шыңғырумен айналыстым, басқаша қимылдаруға, өзімді басқаруға шамам келмеді. Яғни, роуп-джампингтің фокусы салмақсыздықты сезіну екен, көзімді ашып айналаның тынысын бағуды келесі секіріске қалдырғандай болып қайттым.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Сонымен бүгінгі демалыс маған серпін сыйлады, қуат сыйлады және өзіңе қол жұмсап, биіктен тастай салудың оңай шаруа емес екенін де ұқтырды. Өз-өзін биіктен тастап жіберуге немқұрайлы қарайтынмын, ее деп. Расында өле салу оңай шаруа емес екен дәл маған.

Сонымен биылғы жылға секіруге қолайлы жаңа ғимарат тапқанша роуп-джампинг уақытша өз жұмысын тоқтады. Бүгінгі күнге үлгергеніме ризамын. Билет бағасы 4 мың, бірігіп секіретіндерге 7 мың теңгені құрайды. Жалғыздан гөрі бірігіп секірген қызық әрі қорқынышсыз болатын сияқты.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

P.S Бүгін биге баруға үлгермей қалдым, суықтан іші-бауырыма дейін қалтыраған мен осы жазбаны аяқтай салып ыстық шай мен шоколад жеп отырмын. Демалысты көңілді де сәтті өткізіңіздер. Айтпақшы менің парашютпен құлағым кеп жүргеніме біраз уақыт болды, ондай жоспарларыңыз болып жатса маған айтарсыздар, экстримді көңіл-көтеруден еш қашпақ емеспін.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг
Әрі қарай